Пара дзюдошылары ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс жүлде салды

Пара дзюдошылары ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс жүлде салды
Сурет: Астана әкімдігі

Германияда елордалық пара дзюдошылар ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс жүлде салды.

Германияның Гейдельберг қаласында өткен пара дзюдодан Гран-при турнирінде елордалық пара спортшылар ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс жүлде салды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде Астана қаласының пара спортшысы Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Тағы бір жерлесіміз Ерғали Шамей J1 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстан пара дзюдо федерациясы мәлім еткендей, пара дзюдодан өткен Гран-при турнирінде ел намысын 13 ер, 6 әйел спортшы қорғады. Оның төртеуі – Астана қаласының пара дзюдошылары.