Панфилов ауданындағы облыс әкімінің резиденциясы балаларды оңалту орталығына айналды

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Панфилов ауданындағы облыс әкімінің резиденциясы балаларды оңалту орталығына айналды Сурет: Ашық дереккөз

Нысан 40 орынға лайықталған


Бүгін Панфилов ауданында бұрын облыс әкімінің резиденциясы болған ғимарат «Мерей» балаларды оңалту орталығы ретінде ашылады. Еске салсақ, осы нысанды оңалту орталығына беру туралы шешім биылғы жылдың наурыз айында қабылданған болатын, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Аудан тұрғындарын осы елеулі оқиғамен облыс әкімінің орынбасары Рустам Али құттықтады. 


Ғимаратты жаңғырту жұмыстарына, қажетті құрал-жабдықтар мен жиһаздар сатып алуға 80 млн. теңге жұмсалды. Орталықта Монтессори кабинеті, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, сол сияқты сенсор, массаж, процедуралық кабинеттер, логопед, дефектолог бөлмелері, тұз шахтасы, бассейн т.б бар. Екі корпустан тұратын ғимараттың жалпы алаңы 910,4 шаршы метр. Нысан 40 орынға лайықталған. 


Атап өтсек, жыл басынан бері Жетісу облысының Алакөл, Сарқан, Қаратал аудандарында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жалпы саны 140 орынды оңалту орталықтары ашылған болатын.

Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение