Пандемия кезінде қазақстандықтардың табысы 4,3% өскен

Пандемия кезінде қазақстандықтардың табысы 4,3% өскен
Cурет: inbusiness.kz

Табысы ең төмен өңірлер – Түркістан облыс және Шымкент қаласы.

Ең жоғары көрсеткіш Атырау облысында (215 076 теңге), ең төмені Түркістан обласында (63 443 теңге) тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2020 жылы жан басына шаққандағы орташа атаулы табысы 116 мың теңге болған.

«Тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызмет бағасы 6,8% өскенде халықтың нақты табысы өткен жылмен салыстырғанда 4,3% артты. 2020 жылы халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының ең жоғары мәні Атырау облысында тіркелді. Онда бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден шамамен 2 есе жоғары», - деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ халықтың табысы Нұр-Сұлтан (174 396 теңге) және Алматы (164 721 теңге) қалаларында жоғары.  

Маңғыстау, Қарағанды облыстарының тұрғындарының табысы орташа есеппен – 141 506 теңге және 130 502 теңге.  

Табысы ең төмен өңірлер – Түркістан облысы (63 443 теңге) және Шымкент қаласы (75 725 теңге).