Пальма аралында жанартаудан аққан лава тасжолды басып қалды

Пальма аралында жанартаудан аққан лава тасжолды басып қалды
Cурет: Inform.kz

Кумбре-Вьеха жанартауы екі жарым айдан бері атқылап келеді

Испанияның Пальма аралындағы Кумбре-Вьеха жанартауынан аққан лава ағыны тасжолды кесіп өтіп, аралдың қалған бөлігінен салыстырмалы түрде қауіпсіз деп саналатын аймақты оқшаулап тастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

Euronews-тің мәліметінше, Кумбре-Вьеха жанартауы екі жарым айдан бері атқылап келеді. Осы уақыт ішінде лава 1 100 гектар аумақты өртеп, 2 800 ғимаратқа біразын жойып, біразына зақым келтірді.

Ғалымдардың айтуынша, жанартау қазір «уақытша белсенді» кезеңінде. Қазір тынышталғанымен, кейде лава ағып мен күл атқылап тұрады. Эвакуация кезінде көптеген мысық аралда қалып қойған болатын. Енді олар тамақ іздеп жүр.

Еске салайық, Испанияның Пальма аралында (Канар аралдары автономды қауымдастығы) қыркүйек айының соңында бірнеше жер сілкінісінен кейін жанартау оянған еді.