Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қаза тапты

Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қаза тапты
Сурет: ашық дереккөз

Пәкістанның Белуджистан провинциясында толассыз нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Dawn газетінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні елдің Хуздар, Зоб және Аваран қалаларында қатты жаңбыр жауған.

Табиғи апаты салдарынан 10 адам қаза тапты, оның 8-і - бір отбасының мүшелері. Қаза тапқандардың арасында екі бала мен үш әйел бар.

Өңірдегі кейбір ғимараттар зақымданды.