Оңтүстік Кореяда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Оңтүстік Кореяда коронавирустың жаңа штамы анықталды
Сурет: Rbc.ru

Оңтүстік Кореяда үш адамнан коронавирустың Mu штамы тіркелді

Кореялық ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің мәліметтері бойынша, үш науқас та инфекцияны шетелде жұқтырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Олар Мексика, АҚШ және Колумбиядан мамыр, маусым және шілде айларында келген иммигранттар болып шықты.

Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау органының айтуынша, ел ішінде ауру жағдайлары жоқ.

Ел билігі жаңа штамның таралуын және өлім-жітімді мұқият қадағалайтындарын айтты.

Mu коронавирусының жаңа штамы B.1.621 ғылыми атауымен белгілі. Жаңа штамм алғаш рет 2021 жылдың қаңтарында Колумбияда ашылды. Бүгінгі таңда аймақтағы барлық жаңа жағдайлардың 39 пайызы осы мутациямен байланысты.

ДДСҰ бұл штамда Сovid-19 вакциналарына төзімділік қаупін көрсететін мутациялар бар деп мәлімдеді.

Айта кету керек, Mu штамы анықталғаннан бері, оны жұқтыру деректері Оңтүстік Америка мен Еуропада тіркелген.