Оңтүстік Кореяда бір тәулікте екі мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте екі мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған
Сурет: Vedomosti.ru

Ел астанасында қауіпті вирусты жұқтырушылар рекордтық деңгейге жетті

Кореяның Ауруды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) мәліметінше, елде COVID-19 жұқтырудың 2080 жағдайы тіркелген, ауруға шалдыққандардың жалпы саны 277989-ға артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Елде COVID-19-дан тағы 13 адам қайтыс болды, өлім жағдайларының саны 2380-ге жетті. Ресми тұлғалардың айтуынша, сәрсенбі күні кешкі сағат 18.00 -ге дейінгі жағдай бойынша, ел аумағында 1625 жаңа коронавирус жағдайы тіркелген, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 71 адамға көп.

Сәрсенбіде Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 2 мыңнан асты, ал ел астанасында мереке қарсаңында инфекция жұқтырушылар саны рекордтық деңгейге жетті.