Оқушылар екпені мектепте салдыра алады

Оқушылар екпені мектепте салдыра алады
almaty-akshamy.kz

Израильде қыркүйектен бастап 12 жастан асқан оқушылар мектеп қабырғасында коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алады. Ол үшін ата-анасының рұқсаты болуы қажет, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Негізі елдегі вирус жұқтыру деректерінің өсуіне байланысты жаңа оқу жылын онлайн форматта өткізу туралы ұсыныстар жиі талқыға түскен-тін. Бірақ соған қарамастан, 1 қыркүйектен бастап балалар сабақты мектепте оқитын болды.

Өз кезегінде мектеп қызметкерлері жұмысқа кіру үшін вакцина алғанын растайтын сертификат немесе теріс нәтижелі тест анықтамасын ұсынулары қажет. Мұнда қазір мұғалімдерде коронавирусқа қарсы екпенің үшінші дозасын салдыру мүмкіндігі бар.