Өзекті мәселелердің бірі

Өзекті мәселелердің бірі
ru.sputnik.kg

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде су басып қалу проблемасына тоқталды.

Жетісу ауданы қаланың төменгі бөлігінде орналасқандықтан, өзекті мәселенің бірі – тұрақты су басып қалу болып табылады. Сондықтан бұл мәселеге тұрғындар тараптарынан көп шағымдар түседі. 

2022 жылы әкімдік төтенше жағдай желісі бойынша ең көп су басатын 7 учаскені анықтады.

Оларды жою үшін ұзындығы 2,6 шақырым жаңа су бұру коллекторы салынды, арық желісі жүргізілді (1,3 км), 2 коллектор (1 493 м) және Есентай каналы (2 835 м) тазартылды.