Өзбекстанда тағы бір бала үнді препаратынан уланды

Өзбекстанда тағы бір бала үнді препаратынан уланды сурет:gazeta.uz

Сәби жансақтау бөліміне түсті.


Ферғана облысында тағы бір бала тұмауға қарсы үнді дәрісінен уланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


2022 жылғы 28 желтоқсанда Ферғана ауруханасының жансақтау бөліміне үш жасар бала түсті. Оған «Док-1 Макс» сиропын ішіп уланды» деген диагноз қойылды. Бүлдіршіннің жағдайы ауыр. 


Баланың ауруы суық тиіп, жөтелуден басталған. Анасы дәріханадан дәрігердің нұсқауынсыз «Док-1 Макс» сиропын сатып алып, 4 тәулік бойы күніне 10 рет 5 мл-ден беріп отырған.



Бұған дейін осы дәріден 19 бала көз жұмды. Қазір бұл препараттың таблеткалары мен сироптары Өзбекстанның барлық дәріханасында сатылымнан шығарылды.



Фармацевтикалық саланы дамыту агенттігінің директоры қызметінен кетті. Ал Үндістан билігі "Док-1 Макс" препаратын шығаратын компанияға қарсы іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.


Мұның алдында еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда балалардың өліміне себеп болған препарат Қазақстанда тіркелмегенін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22