Өзбекстан зообағына Қазақстаннан барған керік аяздан өліп қалды

Өзбекстан зообағына Қазақстаннан барған керік аяздан өліп қалды
Сурет: Ашық дереккөз

Керік жатқан бөлме кішкентай болды

Ферғана хайуанаттар бағының директоры Тұрсынәлі Мамажонов жираф қаңтардағы қатты аязда ауырып, өлгенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Gazeta.uz хабарлауынша, жираф 2018 жылы Қазақстаннан әкелінген. Оның аты Максим еді.

"Керік жатқан бөлме кішкентай болды. Сондықтан оны таза ауада серуендеуге шығардық. Кейінгі кезде көп жатып қалды. Далаға серуенге шығарғаннан оған суық тиіп қалды. Бұны ол өлген соң білдік. Керік өлгеннен кейін "Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту департаментінен, Табиғи ресурстар министрлігінен және басқа да ұйымдардан мамандар шақырылды. Денені тексергенде оған суық тигені расталды. Жирафтың еті жануарларға таратылды", - деді Тұрсынәлі Мамажонов.

Сол күндері зообақта құстар да қырылып қалған.

2022 жылы Ташкент хайуанаттар бағында Алатау есімді жираф ми ишемиясынан қайтыс болды. Ол 2016 жылы үш жасында Алматы хайуанаттар бағынан әкелінді.