Өзбекстан Президенті Нүкісте бейбіт адамдар қаза тапқанын мәлімдеді

Алайда зардап шеккендер бойынша нақты сандар әлі хабарланған жоқ.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Нүкістегі бейбіт тұрғындар арасындағы құрбан болғандар бар екенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап
Қарақалпақстанның Жоғарғы Кеңесінде сөйлеген сөзінде Шавкат Мирзияев 1-2 шілдеде адамдар зардап шеккенін мәлімдеді.
Бірақ қаза тапқандар мен зардап шеккендер бойынша нақты сандар әлі хабарланған жоқ.
«Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында құрбандар бар», – деді Шавкат Мерзияев.