Өзбекстан компаниясы Қазақстанда мақта зауытын ашуға ниетті

Өзбекстан компаниясы Қазақстанда мақта зауытын ашуға ниетті
Сурет: Travelask.ru

Мақта шаруашылығы еліміздің экономикасында ерекше орын алады.

Өзбекстандық "Gurlan Global Teks" компаниясы Түркістанда мақта кластері бойынша зауыт салуға ниетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Компанияның президенті Элдор Османов облыстың инвестициялық әлеуетімен танысты.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының айтуынша, мақта өсіру Мақтарал ауданында жоғары деңгейде жақсы дамыған. Ол "Gurlan Global Teks" компаниясымен мақта кластері бойынша екіжақты іскерлік қарым-қатынасты орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

Мақта шаруашылығы еліміздің экономикасында ерекше орын алады. Облыс тұрғындарының басым бөлігі бұл салада жұмыс істейді.