Өткен жылы елімізде 1400-ден аса адам жат ағымның арбауынан құтқарылды

Өткен жылы елімізде 1400-ден аса адам жат ағымның арбауынан құтқарылды Сурет: Muftyat.kz

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы айтты.


Жат ағымның арбауынан шыққандар дәстүрлі мұсылмандық жолына оралды. 


Діни басқарма жанынан 2 жыл бұрын оңалту бөлімі ашылған. Ол осындай жағдайлардың алдын-алып, уағыз-насихаттар, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сонымен қатар ел азаматтарының шет елдердегі белгісіз оқу орындарына кетіп қалмауы үшін бірнеше бастама қолға алынған. Қазақстанда ресми түрде 9 медресе мен бірнеше жоғары оқу орны жұмыс істейді. Олардың ғылыми әлеуетін көтеру және гранттар санын көбейтуге ден қойылып отыр.



«Барынша біз өз жерлестерімізді, бауырларымызды өз елімізде оқытуға барынша өз үлесімізді қосып жатырмыз. Және де былтыр Астана қаласынан Хұсам ад-Дин ас-Сығанақи атындағы ғылыми институтымызды аштық. Ол жерде де ислам дінін, теологияны тереңдетіп оқыту бағдарламасы жасалған», - дейді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы .




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55