Өткен тәулікте 38 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 38 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Өткен тәулікте елімізде 38 адамнан коронавиус анықталып, 2 аталған дерттен жазылып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Каналдағы мәліметтерге қарағанда, 21 қарашадағы мәлімет бойынша, елімізде 801 адам коронавирус инфекциясынан (–627+ және 174 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 112 пациент стационарда, 689 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

7 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.