Өткен тәулікте 36 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 36 адамнан коронавирус анықталды
almaty-akshamy.kz

Өткен бір тәулікте елімізде коронавирусқа шалдыққан 36 адам анықталды, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

20 наурыздағы жағдай бойынша, 1 781 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирус (КВИ+) –1 609, коронавирус пневмониясы (КВИ-) – 172) емделуде. Олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 646 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратына қосылған.