Өткен тәулікте 34 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 34 адамнан коронавирус анықталды
сурет: ашық дереккөзден алынды

3 адамның жағдайы ауыр.

Өткен тәулікте ел өңірлерінде 34 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

26 наурыздағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясынан 1 737 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 563, пневмониядан (КВИ-) – 174 КВИ) емделуде. Олардың ішінде 152 пациент стационарда, 1 585 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 3 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.