Өткен тәулікте 211 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 211 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Бес пациенттің жағдайы өте ауыр.

Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына 211, коронавирус белгілері бар пневмонияға 29 адам шалдықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

30 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 754 адам коронавирус инфекциясынан (–2 578+ және 176 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 247 пациент стационарда, 2 507 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.