Өткен тәулікте 20 қазақстандық COVID-19 жұқтырды

Өткен тәулікте 20 қазақстандық COVID-19 жұқтырды
Сурет: Aa.com.tr

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 982-ге жетті.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 20 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол  бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында 2, Алматы қаласында 12, Шымкент қаласында 2, Ақмола облысында 1, Қарағанды облысында 2, Қызылорда облысында 1 адамнан табылды.