Өткен тәулікте 163 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 163 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөзі

2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралуы жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

26 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2663 адам коронавирус инфекциясынан (-2521 + және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 350 пациент стационарда, 2313 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 11 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске салсақ, бұған бұрын 233 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.