Өткен айда әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны шамамен 50 миллионға артты

Өткен айда әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны шамамен 50 миллионға артты
Сурет: Dw.com

Бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 4 миллионға аз және қаңтар айындағыдан екі есе төмен.

Наурызда әлемде коронавирустық инфекцияның расталған жағдайларының саны шамамен 50 миллионға артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл ретте бір ай ішінде вирус жұқтырудың барлық жағдайларының бестен бір бөлігі Корея Республикасының үлесінде. Қазір онда тәулігіне 325 мыңға жуық жаңа инфекция тіркелген.

Әлемде сырқаттанушылық бойынша екінші орында Германия тұр, онда наурыз айында 6,3 млн адам ауырып қалды. Қазір Германияда күніне шамамен 240 мың жаңа дерек тіркеледі.

Үшінші орынды Франция алады, онда соңғы 4,5 аптада 3 миллион адам ковидпен ауырды. Сонымен қатар, алдыңғы екі мемлекеттен айырмашылығы мұнда соңғы жеті күнде жаңа өршу жағдайы пайда болды, инфекцияның таралу қарқыны бір аптада бірден екі есе өсті.