Өткен аптада коронавирустың тарауы 11%, өлім-жітім 3% төмендеді - ДДСҰ

Өткен аптада коронавирустың тарауы 11%, өлім-жітім 3% төмендеді - ДДСҰ
Cурет: Ашық дереккөз

Аурудың тарау көрсеткіші ең аз аймақтар Африка және Еуропа

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) апта сайынғы эпидемиологиялық бюллетенінде өткен аптада коронавирустың тарау көрсеткіші 11%-ға, өлім-жітім 3%-ға төмендегені туралы айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының хабарлауынша, 23-29 мамыр аралығында АҚШ пен Шығыс Жерорта теңізінен (бұл жерлерде ауру 9%-ға өсті) басқа барлық аймақтарда коронавирустың тарауы бәсеңсіген. 

Аурудың тарау көрсеткіші ең аз аймақтар Африка (36%-ға) және Еуропа (30%-ға) болып отыр. Бір апта ішінде бүкіл әлемде 3,3 миллионнан астам COVID-19 жұқтыру жағдайы анықталды.