Өткен аптада әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 5,8 миллионнан асты

Өткен аптада әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 5,8 миллионнан асты
сурет: Strategy2050.kz

Өткен аптада әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны 5,8 миллионнан асты, бұл алдыңғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1 миллионға көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

Кейбір Еуропа елдерінде аурудың күрт өсуі байқалады. Қазір Францияда күніне 150 мыңнан астам адам вирус жұқтырады. Бұл елдегі наурыз айының соңынан кейінгі ең жоғары көрсеткіш. Одан кейін Германия, онда күн сайын 130-140 мың тұрғыннан коронавирус анықталады. Үшінші орында Италия, онда көрсеткіштер тәулігіне 100 мың жаңа жағдайдан асып түсті. 

«Сондай-ақ, жаздың басынан бері Испанияда ауру екі есе, Австрия мен Нидерландыда үш есе, Грецияда төрт, Бельгияда алты есе өсті. Төмендеу тек Португалияда байқалады, ал Шығыс Еуропаның бірқатар елдерінде жағдай тұрақты»,-делінген хабарламада.