Өте құнды 14 кітап басылып шығады

Өте құнды 14 кітап басылып шығады
Сурет: ашық дереккөз

«Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы: Биыл 14 кітап басылып шығады.

Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Баспа ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы туралы айтты, деп жазады Аlmaty-akshamy.kz/ BAQ.KZ -ке сілтеме жасап.

«Жаңа қазақ әдебиеті» -  бұрын ешбір жерде жарияланбаған өте құнды еңбектер. Біз бұл көркем әдебиеттер мен рухани әрі елеулі құбылыстарға арналған кітаптарды бөлек сериямен шығаруды қолға алдық. Былтыр осы бастамамен 10 кітапты жарық көрді. Ол он кітап 30 мың данамен басылып, еліміздің түпкір-түпкіріне тарады. Биыл 14 кітапты «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен шығарамыз, - деді Алмаз Мырзахмет.

Мырзахметтің айтуынша, бастама жас қаламгерлердің есімін танытып, әдеби туындыларымызды байытып жатыр.

Мәселен, серияда Әлия Дәулетбаева, Қанат Әбілқайыр және кейінгі жырларымен халықтың ыстық ықыласына бөленген Маралтай Райымбекұлының еңбектері бар. Біз биыл көктемде "Жаңа қазақ әдебиеті" сериясымен шыққан кітаптардың тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Министрліктің жобасына Президенттің өзі келеді деп күтілуде. Одан бөлек, еліміздің белгілі жазушылары мен ақындарын шақырып, жыр жәрмеңкесін жасағымыз келеді, - деді ол.