Өте ауыр жаза ұсынылды

Өте ауыр жаза ұсынылды
24 kz

Қоршаған ортаны ластағандарға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Экологияға залал келтіргені үшін төленетін айыппұл 2 есеге қысқаруы мүмкін. Яғни 50 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету көзделеді. Алайда заңды белшесінен басқандар үшін жауапкершілік күшейтіледі.

Мәселен, қоршаған ортаны аса ірі көлемде ластағандарға 20 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл белгілеу ұсынылып отыр. Сонымен қатар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылады. Тиісті заң жобасы бүгін Мәжіліс комитетінің отырысында талқыланды.

Депутаттар мұндай жазаның тым ауыр екенін алға тартты.