Отандық вакцинаға Швейцария қызығушылық білдіріп отыр

Отандық вакцинаға Швейцария қызығушылық білдіріп отыр
Сурет:Primeminister.kz

Отандық өнім сұранысқа ие

QazVac вакцинасы Швейцарияда тіркелуі мүмкін. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Швейцарияда тіркелу мәселесіне келсек, өздері біздің Сыртқы істер, Сауда және интеграция министрліктеріне шығып, хабарласқан болатын. Сондықтан қазір солармен жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені өздері қызығушылық танытты. Кім байланысқа шықса, солармен жұмыс істеп жатырмыз. Мысалы, қасымызда бауырлас елдер бар. Қырғзыстаннан басқалары ешқандай ұсыныспен шыққан жоқ. Ал алыстағы Швейцария өздері шығып, «көмектесейік, тіркеуден өтсеңіздер, Африка, Латын Америкасына шығаруға болады» дегендей мәселелерді айтты», - дейді институттың бас директоры.