Отандық телерналар Олимпиада ойындарын көрсететін болды

Отандық телерналар Олимпиада ойындарын  көрсететін болды
Сурет: 24.kz

Бұдан бұрын еліміздің телеарналары телетрансляция құқығын сатып алу жөнінде келісімге келе алмағандықтан, Олимпиададан хабар таратпайтынын хабарлағанбыз.


Vesti.kz сайтының мәліметінше, Токиода өтетін Олимпиада-2020 қазақстандық телеарналарда тікелей эфирде көрсетілетін болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Отандық телеарналар телетрансляция құқығын сатып алу туралы келісімге келген. Енді Олимпиада ойындары Qazsport, Qazaqstan және «Хабар» телеарналарынан көрсетіледі.


Бұған дейін Олимпиада ойындарын трансляциялаудың құқық иесі Қазақстаннан өте үлкен көлемдегі ақша сұрағаны хабарланған еді.


Токиодағы Олимпиада-2020 биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.