Отандық еттің Сауд Арабиясы нарығына шығуына мүмкіндік ашылды

Отандық еттің Сауд Арабиясы нарығына шығуына мүмкіндік ашылды
Сурет: Elorda.info

Еліміз Сауд Арабиясына ет экспорттайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына сапары аясында отандық ет экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын құжаттарға қол қойылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

24-25 шілде күндері екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту мақсатында іскер топтардың өкілдерінің қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел өтті. Сиыр еті мен қой еті импортына қойылатын санитарлық және техникалық талаптар хаттамасына қол қойылды. Келісімге Сауд Арабиясының азық-түлік секторы жөніндегі вице-президенті Мұхаммед әл-Насар мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев қол қойды.

Қол қойылған хаттама қазақстандық қой және сиыр етін өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.