Отандық БАҚ халықтың бірлігін нығайту бойынша аса маңызды миссияны орындап келеді - Президент

Отандық БАҚ халықтың бірлігін нығайту бойынша аса маңызды миссияны орындап келеді - Президент
zhaikpress.kz

Журналистер қазақстандық құндылықтар айналасында ұлтты біріктіруде аса маңызды миссияны орындап келеді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты еліміздегі және әлемдегі жағдай туралы отандастарға бейтарап әрі жедел ақпарат таратумен байланысты. Біздің тілшілер қазақстандық құндылықтар айналасында ұлтты біріктіру, біздің мемлекеттілік пен халықтың бірлігін нығайту бойынша аса маңызды миссияны орындап келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, ұлттық бірлікке нұқсан келтіру мақсатын көздейтін арнайы бағыт бар. Осы орайда Қазақстан халқы бұл мәселеде сақтық танытып, арандатудың шырмауына түсіп қалмағаны маңызды.

«Қазақстанда жалпы баспасөз басылымдары, радио, телеарналар этносаралық қатынастар саласында объективті хабар таратады. Алайда әлемдегі соңғы оқиғалар ақпараттық тұрғыда біздің қоғамды кейде бағыттан адастырып жататынын көріп жүрміз. Еліміздің әр азаматы жария алаңға кіргенде біздің ұлттық мүддені басшылыққа алуы керек», - деді Мемлекет басшысы.