Отандық әуетасымалдар нарығының тартымдылығын арттыру үшін «ашық аспан» режимі жетілдірілуде

Отандық әуетасымалдар нарығының тартымдылығын арттыру  үшін «ашық аспан» режимі жетілдірілуде Сурет: Ortcom.kz

«Ашық аспан» режимі Астана, Алматы, Шымкент, АқтауАқтөбеҚарағандыТүркістанӨскемен, Павлодар, КөкшетауТаразПетропавл, Семей қалаларының әуежайларында қолданылады.


Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, әуе көлігінің қолжетімділігі мен дамуы үшін қазақстандық әуетасымалдар нарығының тартымдылығын арттыру мақсатында «ашық аспан» режимін одан әрі жетілдіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Атап айтқанда, министрлікпен «ашық аспан» режимін енгізу туралы бұйрыққа шетелдік әуекомпанияларына 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігін» пайдалану құқығын беру арқылы бұрын-соңды қолданыста болған шектеулерді алып тастауғабағытталған өзгерістер енгізілді.


Осылайша, шетелдік әуе компаниялары Қазақстанның бірқатар әуежайына әуе кемелерінің типтері мен жиілігіне қарамастан, оның ішінде бағыттар бойынша шектеусіз 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігімен» ұшуларды орындау мүмкіндігіне ие болды.


Қолға алынған бұл шаралар бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беріп, өз кезегінде әуебилеттерінің құнын төмендетуге және ұшу географиясын кеңейтуге ықпал етеді деп көзделіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07