Отандық полицейлер мен прокурорлар этносаяси сауаттылығын арттыруда

Отандық полицейлер мен прокурорлар этносаяси сауаттылығын арттыруда Сурет: Facebook.com

Олар арнайы семинарға қатысып жатыр.


Қазақстандық полицейлер мен прокуратура қызметкерлері және әкімдік өкілдері «Этносаяси сауаттылық және этномедиация негіздері» атты семинар-тренингке қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Аталмыш семинар 16-17 қыркүйек күндері Тараз қаласында өтеді. Шараны Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырған.


Семинар-тренингтерге Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары жергілікті полиция органдарының, прокуратурасының және полиэтносты аудандар әкімдіктерінің өкілдері қатысуда.



«Іс-шара бағдарламасына нақты кейстерді талдау және себеп-салдар байланыстарын көрсету арқылы дәрістер топтамасы кіреді. Мақсаты - этносаяси сауаттылықты арттыру, этносаралық қатынастар саласының ерекшеліктерін және оқиғаның қате интерпретациясының салдарын түсіндіру», – делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Семинардың тақырыптары: «Конфликтология және этномедиацияның негіздері», «Ақпараттық және медиасауаттылық. Ақпараттық кеңістіктегі этносаралық қатынастар», «Қазақстанның этностық топтары арасындағы өзара қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. Жанжалдың ақпараттық компоненті. Алауыздық тілі. Жанжалдың декларативті кезеңіндегі бейнормативті этнонимдері», «Қоғамдық риторика дағдылары». 


Қатысушыларға алған білімдері мен дағдыларын бекіту үшін Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының сарапшылары семинардың соңында тәжірибелік сабақтар өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26