Отандастарымыз Wildberries сауда платформасында сатушы ретінде көбірек сұранысқа ие

Отандастарымыз Wildberries сауда платформасында сатушы ретінде көбірек сұранысқа ие
Сурет: Elorda.info

Сауда платформасы елімізде өте қарқынды дамуда.

Мәселен, платформада 2022 жылдың 9 айында 6 749 қазақстандық жеткізуші тіркелген. Қазақстандық кәсіпкерлердің тауарларын сату көлемі 46,2 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ал Қазақстан аумағындағы Wildberries-тің жалпы саудасы 92,4 млрд теңгені құрайды. Бұл Қазақстандағы электрондық сауданың жалпы көлемінің 11,4%-ына тең. 

Алдағы уақытта компания басшылығы Қазақстаннның ірі қалаларында өздерінің тауар жинайтын және сақтайтын қоймаларын салуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде кеше Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринмен кездескен Wildberries бас директоры Татьяна Бакальчук хабарлады.

Т. Бакальчуктің айтуынша, компанияның Астана және Алматымен қатар, Қазақстанның басқа өңірлерінде даму бойынша үлкен жоспарлары бар.

«Біз желіні Қазақстанның ең шалғай өңірлерінде дамытуға мүдделіміз. Қазір Wildberries-те сатушы көп екенін көріп отырмыз, соның ішінде біздің сайт арқылы әйелдер тауар сатып, табыс табуда», — деді ол.