Отандастарымыз триатлонға дайындықты бастады

Отандастарымыз триатлонға дайындықты бастады
Сурет: Оlympic.kz

Триатлон жарысына дайындық басталды

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, триатлоннан Қазақстан командасы елорадада жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аталған жаттығу жиыны 2022 жылғы маусымға дайындық аясында өтіп жатыр. 

Екі апталық жиыннан соң спортшылар тестілеуден өтеді.

Бапкерлердің айтуынша, бұл тестілеу күшке басымдық беретін жаттығулар алдында аса қажет. 

Жиын 12 желтоқсанға дейін жалғасады.