Отандасымыз қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогында чемпион болды

Отандасымыз қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогында чемпион болды
Cурет: Ұлан ұлттық гвардиясы

Әлем кубогы Ресей елінде алғаш рет өткізілді

2021 жылғы қараша айының 11-13 аралығында Мәскеу қаласындағы Ирина Винер-Усманованың гимнастика сарайында қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ұлттық ұлан гвардиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жарысқа әлемнің 30 елінен 300-ден астам спортшы қатысты. Жарыс бағдарламасына «жекпе-жек» және «өзін-өзі қорғау» дисциплиналары кірді. Финал осы сенбіде өтті.

Аталған жарысқа сондай-ақ Қазақстан Республикасының спортшылары қатысты. Қазақстанның қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық құрамасының құрамында Ұлттық гвардия Әскери институтының 4-курс курсанты Арапбай Сауран қатысты.

Әскери институт курсанты әділ және табанды жарыста спорттық шеберліктің жоғарғы деңгейін көрсетіп, Үндістан, Иран, Ресей және Өзбекстан спортшыларын жеңіп шықты.

Жарыс қорытындылары бойынша 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әскери институт курсанты Арапбай Сауран халықаралық кластағы спорт шеберінің нормативін орындап, қол жұмсайтын жекпе-жектен әлем кубогының чемпионы атанды.

Қол жұмсайтын жекпе-жек бойынша әлем кубогы Ресей елінде алғаш рет өткізілді. Ұйымның мақсаты – жауынгерлік өнердің бұл түрін әйгілендіру, сондай-ақ дисциплинаны олимпиада бағдарламасына қосу.