Отандасымыз WTT әлемдік жарысында үстел теннисінен алтынды да, күмісті де бір өзі алды

Отандасымыз WTT әлемдік жарысында үстел теннисінен алтынды да, күмісті де бір өзі алды
Cурет: Olympic.kz

Оманда өткен халықаралық турнирде қазақ спортшысы екі медаль жеңіп алды

Әлемдік үстел теннисінің (WTT) жасөспірімдер кезеңі бойынша өткен бәсекеде отандасымыз Алан Құрманғалиев алтын және күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметтеріне сәйкес, атап айтқанда, 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында күміс медальға ие болса, 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында топ жарып, үздік атанды.

Айта кетерлігі, жарысқа барлығы 17 елден спортшы қатысты.