Отандасымыз IT-алпауыттың стипендиясын ұтты

Отандасымыз IT-алпауыттың стипендиясын ұтты
Сурет: Сatherineasquithgallery.com

Білімдіге дүние жарық

Қазақстандық жас ғалым Жанат Махатаева америкалық ірі IT-алпауыттың беделді стипендиясын жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап

Назарбаев Университетінің «ақылды» жүйелер және жасанды интеллект институтының ғылыми қызметкері деменция немесе альцгеймер ауруы бар адамдарға көмектесетін «жад ассистенті» аталатын бірегей қосымша әзірледі.

Өз туындысын дайындауда маман объектілерді тану және пайдаланушылардың орналасқан жерін анықтау үшін компьютерлік көру алгоритмдерін қолданған.

Енді Жанаттың зерттеуі 15 мың доллар қаржылық қолдауға ие болады және шетелдегі жетекші компьютерлік зертханаларда 12 апталық тәжірибеден өтеді.

Ғалым стипендияның Қазақстандағы алғашқы иегері екенін айта кеткен жөн.

 «Адам белгілі бір ғимаратқа кіргенде аталмыш бағдарлама оның қайда барғанын, қандай нысандарды аралағанын есте сақтайды. Осылайша адамға іс-әрекеттерін еске сақтаудың қажеті жоқ, себебі жүйе оның жады секілді барлық ақпаратты өзінде сақтайды. Өткен жылы біз жасаған зерттеулерге шолу барысында көру қабілеті бұзылған және түстерді, адамның түр келбетін, дауыстарды ажырата алмайтын адамдардың көп екені анықталды. Бұл заманауи технологияны осы мәселелерді шешу үшін қолданады. Әлемде ғалымдар бұл мәселемен айналыспағандықтан, менің зерттеуіме «Microsoft» командасы қызығып отыр» - деді Назарбаев Университетінің докторанты Жанат Махатаева.