Отандасымыз «Голос. Россия» байқауында көпшілікті тәнті етті

Отандасымыз «Голос. Россия» байқауында көпшілікті тәнті етті
Cурет: Adyrna.kz

Әншінің вокалдық қабілетін Александр Градский мен Дима Билан ерекше бағалады.

Қазақстандық жас әнші Әділхан Макин «Голос. Россия» байқауында қазылар алқасы мен көрермендерді тәнті етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Адырна» сайтына сілтеме жасап.

Ол жобада Алла Пугачеваның «Не отрекаются любя» әнін орындап шықты.

Отандасымыздың вокалдық қабілетін Александр Градский мен Дима Билан ерекше бағалады.

«Мен Димаштан кейін ештеңеге таңғалмайтын болдым. Ал бүгін сен мені тәнті ете алдың. Сенің жоғарғы регистрің тенор, орта регистрің баритон, төменгі регистрің төменгі бас секілді естіледі. Бұл өте сирек кездесетін жағдай»,–деді Градский.

Әділхан Макин өзінің тәлімгері ретінде Александр Градскийді таңдады.

Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі «Славян базары-2019» байқауының гран-при иегері атанған еді.