Өскеменде жоғалып кеткен бала көпір маңындағы шұңқырдан табылды

Өскеменде жоғалып кеткен бала көпір маңындағы шұңқырдан табылды
Сурет: Дереккөз

Оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр

Өскемен қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен бала табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Іздестіру шаралары барысында 12 жастағы бала ТМК көпірінің маңындағы шұңқырдан табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Содан кейін ол ата-анасына беріледі», - деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, аутизмге шалдыққан Темірлан Ахмеджанов 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған болатын.