Өскеменде Наурыз мейрамына орай кинотеатрларда отандық фильмдер тегін көрсетілді

Өскеменде Наурыз мейрамына орай кинотеатрларда отандық фильмдер тегін көрсетілді
Cурет: Inform.kz

Мейрам үлкен концерттік бағдарламаға ұласты

Өскемен тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін кең көлемде атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өскеменде Ұлыстың ұлы күнінде түрлі челлендждер, спорттық жарыстар өтті. Орталық алаңға жиналған жұртшылыққа ұлттық тағамдар ұсынылып, кинотеатрларда отандық фильмдер тегін көрсетілді. Шаһар жұртшылығы мен жастары мерекеге орай «Эко Наурыз» акциясын өткізіп, Шешек асуы маңындағы бұлақты қоқыстан тазартты.

Мереке күні бас алаңда киіз үй қалашығы, балалар ойын алаңдары мен халық шеберлерінің сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Ал жәрмеңкеде Өскемен тұрғындары әр түрлі дәмді тағамдардан дәм татып, сауда көркін қыздырды.

«Baursak party» байқауына қатысушылардың қолынан қала тұрғындары ыстық бауырсақтан дәм татты. Мейрам үлкен концерттік бағдарламаға ұласты. Оған шаһардың этномәдени және шығармашылық ұжымдары қатысты. Спорт әуесқойлары асық ату, гір спорты, қазақша күрес және басқа да ұлттық спорт түрлері бойынша жарысқа түсті.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, әр отбасына бақыт, амандық пен береке тіледі.