ОСК жетекшісі Президентке референдум қорытындысы жөнінде баяндады

ОСК жетекшісі Президентке референдум қорытындысы жөнінде баяндады
Сурет: Akorda.kz

Қазақстанның сайлау органдарын кәсіби тұрғыдан күшейту әдістері жөнінде баяндалды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президентке Орталық референдум комиссиясы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты қазіргі атқарып жатқан жұмыстары және Қазақстанның сайлау органдарын кәсіби тұрғыдан күшейту әдістері жөнінде баяндалды.