ОСК президенттікке ұсынылған үш кандидатты тіркеуден бас тартты

ОСК президенттікке ұсынылған үш кандидатты тіркеуден бас тартты Сурет: Vlast.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев кандидаттың куәлігін алды.


Бүгін орталық сайлау комиссиясы президенттікке ұсынылған үш кандидатты тіркеуден бас тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz комиссияның ресми сайтына сілтеме жасап.


Комиссияның қаулысына сәйкес, «Асар» бірлестігінен Хайролла Ғабжәлілов, «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігінен Фатима Бизакова және Қазақстан құрылысшылары одағынан ұсынылған Талғат Ерғалиевтің кандидатурасы конституциялық талаптарға сай келмейді.


Конституция және «Сайлау туралы» конституциялық заң бойынша президенттікке үміткер бірнеше талапқа сай болуы қажет. Олар:


тумысынан Қазақстан азаматтығы болуы;


Қазақстан аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;


жоғары білімінің болуы;


жасы 40-қа толған болуы;


белсенді сайлау құқығының болуы;


мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;


мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.


Айта кетері, осы уақытқа дейін 6 кандидат талапқа сай деп танылды. Олар: Мейрам Қажыкен («Аманат» кәсіподақтар бірлестігі), Қасым-Жомарт Тоқаев (Халықтық коалиция), Жигули Дайрабаев («Ауыл» партиясы), Нұрлан Әуесбаев (ЖСДП), Қарақат Әбден (Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы) және Салтанат Тұрсынбекова («Қазақ аналары — дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі).


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50