ОСК мүшесі сайлауға кететін шығынды атады

ОСК мүшесі сайлауға кететін шығынды атады
Сурет: 7kun.kz

Кез келген науқанның 80 пайызын жалақы қоры құрайды.

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын өткізу үшін Қаржы министрлігінен сұралған соманы түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Еңбекақы қоры барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының 70 мыңнан астам мүшесінен тұрады. Олардың еңбекақысы ең төменгі жалақы мқлшеріне сәйкес келеді. 2019 жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңге болса, биыл 60 мың теңге. Бұл - сайлау науқанының сметасындағы үлкен секіріс. Ең әуелі кез келген науқанның 80 пайызын жалақы қоры құрайды, бұл соған байланысты. Бүгінге дейін біз Қаржы министрлігіне сайлау науқанын өткізуге кететін шығынның шамамен сметасын ұсынып, қазір 20,5 миллиард теңгені талқылау үстіндеміз», - деді ҚР ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина.

Оның айтуынша, ОСК жаңа өңірлер мен жаңа сайлау учаскелерінің құрылуына байланысты сайлау жәшігін сатып алу үшін белгілі бір соманы сұраған.