Осы жексенбіде «Алматы» марафоны өтеді

Осы жексенбіде «Алматы» марафоны өтеді
Сурет: Almaty-marathon.kz

«Алматы марафонына» биыл - 10 жыл! 

Аталған шараның бастауына екі күн қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұйымдастырушылардың тұжырымы бойынша, бұл  - Орталық Азиядағы ең ауқымды шара. 

2020 жылы елдегі эпидахуалға байланысты Алматы марафоны өткізілмеді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, дәстүрлі түрде 14 қыркүйекте өтетін «Алматы марафоны» биыл 26 қыркүйекке ауыстырылғанын хабарлаған болатынбыз. 

"Алматы марафоны - 2021" жолы қала көшелері бойынша екі айналымда өтеді. Жарыс бағыты жоғары қарай (Назарбаев даңғылы бойынша), төмен (Әл-Фараби даңғылы, Саин, Шашкин, Манас көшелері) және тегіс жерде (Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі) жүреді.

Алматы марафонының трассасы (Алматы марафондары) 2021 төбелі жерлермен өтеді. Марафондық қашықтықтағы жалпы биіктік-456 м.

"Алматы марафоны - 2021" Сәтбаев көшесінің бойында Республика алаңында басталады, сол жерде аяқталады.