Осы айының басынан бері алтын шамамен 8%-ға арзандады

Осы айының басынан бері алтын шамамен 8%-ға арзандады
Сурет: Uztag.info

2 айдан сәл астам уақыт ішінде алтын төрттен біріне жуық арзандады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 20 мамырдағы жағдай бойынша 1 грамм алтынның ресми құны 25 320,7 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusinness.kz сілтеме жасап. 

Бұл ай басындағы көрсеткіштен 2168 теңгеге аз.

Еске сала кетсек, аталған бағалы метал 10 наурызда өзінің шарықтау шегіне жетті, ол кезде алтынның әлемдік бағасының өсуі және теңгенің әлсіреуі аясында бір грамның бағасы алғаш рет 33 000 теңгеден асты.

Содан бері баға тұрақты түрде төмендеді. 2 айдан сәл астам уақыт ішінде алтын төрттен біріне жуық арзандады: 1 граммның ресми құны 7,7 мыңнан астам теңгеге төмендеді.  Яғни, орташа есеппен осы уақыт аралығында алтын күн сайын 110 теңгеге арзандаған.