Қос чемпион күтеді

Орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36КО) жыл соңына дейін екі үлкен кездесу өткізуі мүмкін.

Жақында журналист Крис Менникс Головкин командасының Риото Муратамен келіссөз бастағанын жариялады. Мурата – орта салмақта WBA нұсқасының чемпионы. Оның рекорды – 16-2, 13KO.
Екі мықтының кездесуі 31 желтоқсанда Жапонияда өтуі мүмкін.
Бұл ақпаратты Головкинмен бірлесе жұмыс істеп жүрген промоутер Эдди Хирн де растады. Хирн – Matchroom Boxing компаниясының басшысы. Оның айтуынша, Геннадий жазда WBO белбеуінің иегері Деметриус Андрадемен (30-0, 18KO) де келіссөз жүргізіп жатыр.
Головкин өткен жылдың желтоқсанында поляк Камил Шереметаны нокаутпен жеңгеннен бері әлі шаршы алаңға шыққан жоқ. Мурата болса, 2019 жылдың желтоқсанында Йокогамада канадалық үміткер Стивен Батлерді жеңіп, атағын қорғады. Содан бері жұрт алдында өнер көрсеткен жоқ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *