Қос қазақстандық жасөспірім теннисші Аустралия ашық чемпионатына қатысады

Қос қазақстандық жасөспірім теннисші Аустралия ашық чемпионатына қатысады
Сурет: Elorda.info

Ел теннисі тарихында алғаш рет қос қазақстандық жасөспірім «Үлкен дулыға» додасында сынға түспекші

Team Kazakhstan академиясының тәрбиеленушілері Аружан Сағындықова мен Максим Батютенко Аустралия ашық чемпионатының жасөспірімдер турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қазақстан теннис федерациясы осылай мәлім етті.

Аружан жарысты негізгі кезеңнен бастайды. Максим іріктеу сайыстарында бақ сынайды.

А.Сағындықова мен М.Батютенко – Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасындағы бірінші ракеткалары. 16 жастағы теміртаулық М.Батютенко осыған дейін ITF сериясымен төрт турнирде (екеуі жекелей, тағы екеуі жұптық сында) жеңімпаз атанды. Ал 17 жастағы Аружан алты рет осындай титулға (үшеуі жекелей, үшеуі жұптық сында) қол жеткізді.