Өрттен 17 адам қаза тапты

Өрттен 17 адам қаза тапты
сурет:ria.ru

Индонезияның жанармай қоймасындағы өрттен 17 адам қаза тапты.

Джакартадағы Pertamina мемлекеттік энергетика компаниясына тиесілі жанармай қоймасында болған өрттен 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz сілтеме жасап.

Жергілікті уақытпен кешкі 20.00-ден кейін басталған өрттен бірнеше үй өртеніп кеткен. Қаза тапқандардың екеуі – бала. Тағы 50 адам жарақат алған, оның ішінде де бір бала бар. Жұма күні кешке өрт жергілікті уақытпен 22.30-да сөндірілгенін хабарлады.

Зардап шеккендердің көбін күйік шалған. Индонезия үкіметі барлық емдеу шығынын мойнына алады.