«Ортеке» биі ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енуі мүмкін

«Ортеке» биі ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енуі мүмкін
Сурет: UNESCO

«Ортеке» – қазақ арасында жан-жануарларды әр түрлі жағдайда бақылаудан туған би.

Қазақтың халық биі «Ортеке» ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазір Мәдениет министрлігі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұра ұлттық комитетінің сарапшылары осы мәселемен айналысуда.

Қазақтың халық биі «Ортекенің» қуыршақ, дөңгелек би және ойын, жеке үш нұсқасы бар.