Орташа табыс табатын адамдарға арналған жаңа ипотека жобасы ашылмақ

Орташа табыс табатын адамдарға арналған жаңа ипотека жобасы ашылмақ
Сурет: Kapital.kz

Бағдарламаның негізгі мақсаты — бастапқы тұрғын үй нарығында несие беру сұранысын қолдау.

Бұл туралы Қазақстан тұрғын үй компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салықов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бағдарламаның негізгі мақсаты — бастапқы тұрғын үй нарығында несие беру сұранысын қолдау. Несие беру мерзімі стандартты, яғни 20 жылға дейін болады.

Бастапқы жарна өтініш берушінің төлем қабілеттілігін растай отырып, 20%-дан басталатын болады.

Субсидиялар мөлшері — банктің сыйақы мөлшерлемесінің 7-8%-ы.

Төрт жыл ішінде бастапқы нарықты қолдау ретінде шамамен 1,3 триллион теңге бөлу жоспарланған.