Орталық оң көзқарасқа зәру

Сергей Снегиров үйсіз жануарларға арналған оңалту орталығы және ерекше балаларға арналған канистерапия, яғни арнайы таңдалған және оқытылған иттерді қолдана отырып емдеу және оңалту әдістерін ұйымдастырмақ. Бірақ оған қаржылай қолдау қажет.

Comes қоғамдық қоры үйсіз қалған жануарларды құтқарумен және оларды оңалтумен айналысып келеді, сондай-ақ ерекше балаларға арналған канистерапия әдістерін де әзірлейді.

Соңғы үш жылда аталған орталық Алматы облысының Белбұлақ ауылында бір учаскені жалға алып, күнелтіп келген. Бірақ жақында болған табиғи апат салдарынан ол жерден кетуге мәжбүр.

«Біздің аумақтан ағып жатқан өзен қатып қалып, соның салдарынан үйшіктер мен ұялар құлады. Шамамен айтқанда, аумақтың 70%-ы мұздың астында жатыр. Ал жалға алушы «келісімшартты бұзамыз» деп қорқытады. Бізге көшуге бір ай уақыт берілді. Өткен қыста уақытша паналайтын жеріміз өртеніп кетті. Ені оңалту орталығы далада қалуы мүмкін», – дейді қоғамдық қордың негізін қалаушы Сергей Снегирев.

Сергейдің айтуынша, орталықта 126 ит бар, олардың көпшілігі ұясыз қалған. Орталық арқылы 400-ден астам жануар емделіп, өздерінің жаңа қожайынын тапты. Сонымен қатар, орталық ерекше балаларға арналған Инклюзивті бағдарламалар орталығымен бірге жұмыс істеп, оның қамқоршыларына түрлі сабақтар өткізеді.

Сергейдің айтуынша, оларға кем дегенде бір гектар жер қажет. «Оған біз қажетті қоршауды, сондай-ақ, тұрақты негізде канистерапия орталығын ұйымдастыруға арналған құрылымды орналастыра аламыз. Қала маңында мұндай учаске шамамен 10 млн теңге тұруы мүмкін, Comes орталығын ұйымдастыруға жұмсалған шығындармен бірге шамамен 15 млн. теңгедей қажет» дейді Сергей.

Қазір Comes орталығы үйсіз иттердің жағдайына бей-жай қарамайтын азаматтардан көмек сұрайды. Орталықтың жұмысы туралы толығырақ мәліметті олардың әлеуметтік желілердегі аккаунттарынан білуге болады.

Әсел ДАҒЖАН

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *